top of page
Search

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын аясында Қатонқарағай, Үлкен Нарын, Зайсан аудандары бойынша зерделеу жұмыстары

ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың желтоқсан-қаңтар айларында Зайсан, Қатонқарағай, Үлкен Нарын аудандарына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы бойынша зерделеу жұмыстары өтті.



ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың желтоқсан-қаңтар айларында Зайсан, Қатонқарағай, Үлкен Нарын аудандарына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы бойынша зерделеу жұмыстары өтті.


Зерделеу барысында Қатонқарағай, Үлкен Нарын, Зайсан аудандарының 45 білім беру ұйымдарының  тәрбие жұмыстары қаралды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының сапалық құрамы, біліктілік арттыру курстарынан өтуі, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жылдық жұмыс жоспарлары, іс-шаралардың жоспар бойынша атқарылуы, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жоспарлары зерделенді.


Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталықтарының дәрістері, «Даналық мектебі» клубының жұмыстары, «Қауіпсіздік сабақтары», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы», «Шабыт», «Еңбегі адал жас өрен», «Қамқор», «Smart bala» жобалары  қаралып және буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, нашақорлық, вейп, діни экстремизм, вандализм бойынша алдын алу іс-шараларына әдістемелік көмек көрсетілді.


Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы мектеп кітапханаларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы бойынша аудандық, мектепішілік жұмыс жоспарлары, кітапхана ісі бойынша құжаттардың реттілігі, кітапханшылардың сапалық құрамы, ақпараттық-библиографиялық жұмыс, буккроссинг бұрыштарының болуы, материалдық-техникалық базасы, кітапхана қорының толықтырылуы, бүгінгі күн талабына сай кітапханалардың автоматтандырылу, модернизациялану жағдайлары қаралып, зерделенді.

Comments


bottom of page