2022 жылдың 11-13 қазан аралығында ШҚТУ делегациясы Singapore Polytechnic базасындағы CDIO Asian Regional Meeting-ке қатысты. Университет кездесу аясында инженерлік білім берудің жаһандық бірыңғай сапасын реформалау және дамыту жөніндегі CDIO Дүниежүзілік бастамасы өкілдерінің құрамына кірудің өңірлік кезеңін сәтті өтті.
«Мемлекет басшысы елдің инновациялық дамуы үшін инженерлік кадрларды даярлау қажеттігін атап өтті және еліміздің жоғары оқу орындарының бірінің әлемге танылған халықаралық қоғамдастыққа кіруі – осы мақсатты іске асырудағы алғашқы маңызды қадам», – деп атам өтті университет ректоры Сәуле Рахметтулина.
Қазір CDIO 30 елдегі 180 университетті қамтыса, оның ішіне Лидс және Бристоль университеттері (Ұлыбритания), Калифорния және Стэнфорд университеттері (АҚШ), Сидней университеті (Австралия), Финляндия мен Қытайдағы көптеген университеттер кіреді. CDIO тұжырымдамасы 12 стандартта ашып көрсетілген.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Comentarios