top of page
Search

Auezov University: Қазақстанның ғылым және білім саласының көш басында 80 жыл


Auezov University

1943 жылы Ұлы Отан соғысы қызған шағында Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институты болып іргесі қаланған М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарихы бүкіл елдің тағдыры сияқты қиын сынақтарға толы болды. Профессор-оқытушылар құрамының адалдығы мен қажымас жасампаз еңбегі осы қиындықтарды жеңуге әрқашан көмектесті.


Биыл ЖОО-ға 80 жыл толды. Осы жылдар ішінде университет кадрлық және ғылыми әлеуетті қалыптастырып, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында лайықты орынға ие болды.

Бүгінгі таңда М. Әуезов атындағы ОҚУ еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында, зерттеу университетінің құрметті мәртебесінің иегері. Өңірдің инновациялық дамуы мүддесі үшін сапалы білімге бағдарланған ЖОО тек оңтүстік өңірде ғана емес, бүкіл елде сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы ОҚУ ғылымы – бұл 2 ғылыми-зерттеу институты, 17 ғылыми-зерттеу зертханасы, 6 ғылыми орталық, ұжымдық пайдаланудағы аккредиттелген зертхана, сондай-ақ дамыған инновациялық инфрақұрылым: кәсіпкерлік орталығы, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, конструкторлық бюро, нысаналы капитал қоры (эндаумент қоры), кадрларды даярлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру орталығы, стартап-студия және технологияларды, инновацияларды және зияткерлік меншікті қорғауды қолдау орталығы.

Auezov University өзінің болашақ дамуын білім, ғылым және инновация бір-бірімен тығыз байланысты болатын және идеяны қалыптастырудан коммерцияландыруға дейінгі үштік шиыршық жүзеге асырылатын зерттеу университеті мәртебесімен тікелей байланыстырады.

Auezov University

Мұндай саясатты іске асырудың мақсаты – елдің тұрақты дамуының жаһандық сын-қатерлеріне жауап беруге мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы университеттің көшбасшылық ұстанымы.

Біздің университетте Орталық Азиядағы тұңғыш Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгтың орнықты өсу, жасыл технологиялар қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі орталықтың ашылуы бұған жарқын мысал бола алады. Әлемнің жетекші сарапшысының жетекшілігімен университет ғалымдары зерттеу жобаларын және болашақ көшбасшылар үшін MBA-дың жасыл экономика бойынша жаңа инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Өйткені, әлемдегі он жаңа кәсіптің сегізі жасыл және тұрақты экономика секторларында құрылуда.

Халықаралық рейтингтердегі көшбасшылық – бұл білім сапасының, ЖОО-ның жоғары мәртебесінің және әлемдік академиялық қоғамдастықтағы беделінің айқын дәлелі. Осыған байланысты Auezov University халықаралық деңгейдегі елеулі жетістіктерге жетті.

QS «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» рейтингінде жоғары оқу орны үздік жүз университеттің қатарына кіреді (96-шы орын).

Сонымен қатар, 2022 жылы Азия жоғары оқу орындары арасында QS Asia рейтингі алғаш рет шығарылды және біздің жоғары оқу орнымыз Азияның 750 жоғары оқу орнының (Қытай, Корея, Жапония, Үндістан және т.б.) арасында 177-ші орынды иеленді.

Биылғы жылы Auezov University алғаш рет беделді британдық рейтинг агенттігінің (QS) аудитінен өтті, оның нәтижелері бойынша 4 жұлдызды жоғары бағаға ие болды.

QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша біздің университет төрт көрсеткіш:«Оқыту», «Жұмысқа орналастыру», «Онлайн-оқыту», «Инклюзивтілік» бойынша 5 жұлдызға – жоғары бағаға ие болды.

Университеттердің «UI GreenMetric World University Rankings» дүниежүзілік рейтингінде ЖОО 1050 ЖОО-ның арасынан әлемдік кестеде 260-шы орынды иеленіп, ТОП-300-ге кірді; Қазақстанның 12 ЖОО-сының арасында университет екінші орында тұр.

«UI GreenMetric «Ranking by Region 2022 – Asia» өңірлік рейтингінде ЮКУ им. М. Әуезов атындағы ОҚУ 500-ден астам ЖОО-ның ішінен 132-ші орынды алып, ТОП-150-ге кіреді.

Университет GreenMetric әлемдік рейтингінің «Кампустың көркейтілуі мен орналасуы» критерийі бойынша 212 ЖОО-ның ішінен әлемде 29-шы орынды иеленіп отыр. Бұл Қазақстанның алты ЖОО-сының арасында бірінші орын.

«Rank Proby subjects 2022» рейтингінің нәтижелері бойынша төрт бағыт – «Биология ғылымдары», «Химия ғылымдары», «Инженерия және технология», «Математика» – ТОП 301-350 және 351-400-ге кірді.

Жаһандық агрегатталған рейтинг – 2022-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ТОП-5-ке кірді. Бұл санатқа Қазақстанның үш жоғары оқу орны кірді.

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша 2023 жылы біздің университет екінші орында тұр.

ЖОО-ның әлемдік рейтингтердегі жетістігі – бұл бүкіл ұжымның қажырлы және ұзақ жұмысының нәтижесі. Кадрлық әлеует туралы айтқан кезде,

университетте біздің өңірдің зияткерлік элитасының шоғырланғанын және бұл ғылыми және білім беру процестеріндегі ең жауапты міндеттерді шешудің негізгі факторларының бірі екендігін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта ЖОО-да түрлі академияның 16 академигі және 15 корреспондент-мүшесі, «Құрмет» орденінің 4 иегері жұмыс істейді. Біздің ғалымдар жеті әлемдік ғылыми жаңалықтың авторлары.

Auezov University

Бізде 1324 штаттағы оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ғылым докторлары – 93, ғылым кандидаттары – 506, PhD докторлары – 93. ПОҚ дәрежесі 52,3%-ды құрайды.

Бүгін Университеттің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыра отырып, біз өңірдің дамуына елеулі үлес қосатын зерттеу және жаһандық бағдарланған 4.0 университетін қалыптастыруға бағытталған жаңа мақсаттар қойдық.

Сондықтан университет ғылымының басты міндеті – университет жағдайында ғылымның дамуын ынталандыру ғана емес, сонымен бірге оның аймақ экономикасының нақты қажеттіліктерімен тығыз байланысын орнату. Auezov University нысаналы аймағы республиканың ірі мегаполисі – Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан қаласы мен Түркістан облысы.

Ұзақ мерзімді демографиялық болжамға сәйкес, алдағы 10 жылда (2031 жылға қарай) Шымкент халқының саны бір жарым миллионға дейін, ал 2050 жылға қарай екі жарым миллионға дейін өседі.

Сонымен қатар, Шымкентте Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде айтарлықтай ғылыми мазмұны бар ірі экспортқа бағдарланған жобалар іске асырылатын болады. Өңірде мұнайды, газды терең өңдеу және өнім экспорты көлемінің күтілетін өсімі тоғыз есе болатын химиялық өнім шығаратын бес зауыт жұмыс істейді. Экономиканы әртараптандыру есебінен экспорттық және бюджеттік кірістердің өсуі күтілуде.

Қаланың имиджі, маркетингтік стратегиясы өзгеруде. Жаңа жағдайда қала «ғылым қаласына» айналуда, онда ғылым өңірлік экономиканың факторы және өңірдің экономикалық өркендеуінің негізі ретінде қарастырылады. Университеттің әртүрлі бейіндегі кадрларды зерттеу мен даярлауды қолдауы қолда бар әлеуетті толыққанды іске асырудың негізгі қадамы бола алады.


Auezov University

Мәселен,

соңғы екі жылдың ішінде біздің ғалымдар қала аумағында жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асатын ғылыми жобалардың нәтижелерін коммерцияландырды.

Біз қала аумағында бизнес-әріптесіміз «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен бірлесе отырып, сүйек дәндері (өрік, шабдалы және қара өрік) негізінде май, сондай-ақ сүйек қабығынан белсендірілген көмір өндіруді қамтамасыз еттік. «Тассай» индустриялық аймағында «АлиКа групп» ЖШС бизнес-серіктесімен бірлесіп тәттілер, жеміс консервілері, жануарларға арналған сусындар мен биоазықтар (сомасы 277 млн теңгеге) дайындау үшін жүгеріден глюкоза-фруктоза шәрбатын өндіретін технологиялық кешен құрдық.

Университет бизнес-әріптесі – «Орталық-Сервис» ӨК-мен бірлесіп «Шитті мақтаны тасымалдауға арналған жүкті өзі түсіретін трактор тіркемелерінің шағын сериялы өндірісін ұйымдастыру» жобасын (240 млн теңгеге) іске асырды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылына үш рет егін жинаудың инновациялық қарқынды технологиясын енгізу және тарату жобасы іске асырылуда.

Түркістан облысының АӨК қарқынды технологияны енгізу нәтижесінде көкөніс және бақша шаруашылығынан жылына 18 миллиард теңге қосымша пайда алды.

Жалпы, бүгінгі таңда Auezov University коммерцияланатын жобалардан университет кірісіне 10% таза пайда алады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы бойынша университет ғалымдарының ғылымның жеті басымдығы бойынша 844 млн теңгеден астам сомаға 12 гранттық жобаны жеңіп алғандығын айта кету керек.

Университет Шымкент әкімдігімен белсенді ынтымақтастықта. Мәселен, Шымкент қаласын көгалдандыру және абаттандыру тұжырымдамасын дайындау мақсатында қаланың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жұмыс тобының құрамына М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың бес ғалымы кірді.


Auezov University

Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2021 жылғы сәуірде Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы болып қайта құрылды. М. Әуезова атындағы ОҚУ аграрлық факультетінің ғалымдары Қазақстан Республикасы АШМ «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ мамандарымен бірлесіп Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы үшін Шымкенттің жасыл белдеуіне бөлінген 5000 га жер учаскесінің (жер учаскесі Ақтас ауылының жанындағы «Шымкент-Ташкент» жолының сол жағында орналасқан) топырағын талдау жұмыстарын жүргізеді. Барлығы 250 топырақ сынамасына талдау жүргізілуі керек. Шымкенттің жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы үшін М. Әуезов атындағы ОҚУ аграрлық факультетінің ғалымдары мен студенттері Шымкент көшелерінің бойындағы ағаштарды түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

Түркістан облысы Келес ауданы «Бірлесу» ауылдық округінде М. Әуезов атындағы ОҚУ «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» инженерлік-технологиялық зертханасының тәжірибелік шаруашылығының 6 га жалға алынған жер телімінде агротехнологиялық парк ашуды жоспарлап отыр. Агротехнологиялық парктің құрамына: машина-трактор станциясы, агротехнологиялық сервистік қызмет, жылыжайлар, бағалы сәндік өсімдіктерді өсіруге арналған тәлімбақ кіреді.

Химиялық технология, құрылыс материалдары бойынша дәстүрлі күшті ғылыми мектептері бар ғалымдар композиттік материалдар, баламалы энергия көздері, биотехнология, тоқыма өндірісінің жаңа технологияларының жаңа серпінді бағыттармен айналысады.

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ғалымдардың – техника ғылымдарының докторы, профессор В.М. Шевконың «Кальций карбидінің аз тоннаждық өндірісі», техника ғылымдарының докторы, профессор К.Т. Жантасовтың «ЖАМБ-70» ұзақ әсер ететін қоспатыңайтқыш өндірісін ұйымдастыру» атты екі технологиясын тауашалық жобалар тізбесіне енгізді. Қазіргі уақытта осы жобаларды іске асыру үшін инвесторларды іздеу жүргізілуде.


Auezov University

Биылғы жылы біздің ғалымдар «Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық жетістіктерді тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша үш инновациялық жобаны: әмбебап көпфункционалды аспа құралының (УМНО-4/1) тәжірибелік үлгісін жасау бойынша; шаушат өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіру бойынша; және жалпы сомасы 83 млн теңгеден астам отандық РПМ-2КЗ үлгісіндегі монтаждалған екі қатарлы отандық көшет отырғызу машинасын жасау бойынша жобаны орындауда.

Сондай-ақ, университет ғалымдары Шымкент қаласындағы А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақты дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге белсенді қатысатындығын атап өту керек.

Қазіргі уақытта Auezov University сорғы және компрессорлық жабдықтардың гидро және аэродинамикасын зерттейтін ғылыми-зерттеу зертханасын ашуды жоспарлап отыр. Жоба бастапқы кезеңде: зертхананы орналастыру, кадрларды іріктеу, Ресей Федерациясы мен Украинаның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да серіктестер іздеу, жабдықтарды жинақтау және сатып алу мәселелерін зерделеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ «KARLSKRONA LC AB» ЖШС басшылығымен және Шымкент қаласының әкімдігімен жобаны қаржыландыру мәселелері шешілуде. Сорғы және компрессорлық жабдықтардың әзірленген шешімдерін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау «KARLSKRONA LC AB» ЖШС сынақ стендтерінде жүргізілетін болады.

Келешекте ғылыми зертхана «KARLSKRONA LC AB» инновациялық-белсенді кәсіпорнының құрамында заманауи сорғы және компрессорлық жабдықтарды, құбыр арматурасын зерттеу және жобалау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылатын болады. Жоба тұжырымдамасына сәйкес, университет пен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық моделі осы салада құзыреттілік орталығын құруға негіз болады.


Auezov University

Бүгінгі таңда біздің ЖОО – бүкіл өңірдің инновациялық қызметінің өзегі. Университетте кәсіпорындармен және бизнеспен, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты дамыту саясаты жүргізілуде.

Университет Силикон алқабы қағидасы бойынша жұмыс істей бастады, өндірушілерге, кәсіпкерлерге, инвесторларға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етті; ол жаңа идеяларды сынауға, инновациялық өнімдердің прототиптерін алуға ашық.

Біз оның аясында тек мемлекетпен ғана емес, сонымен қатар жеке сектормен және ірі бизнеспен де тығыз ынтымақтастық орнататын ғылымның ашық моделін іске асырамыз.

М. Әуезов атындағы ОҚУ негізінен өңірлік еңбек нарығы мен өндірістер үшін мамандар дайындайды. Сондықтан бізге өңірдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үшін кадрлар даярлауға жауапкершілік жүктеледі.

Отандық еңбек нарығын талдау көрсеткендей, бірқатар өндірістерде мамандар тапшылығы бар. Мобильді емес және әрдайым жаңа технологияларды игере алмайтын кадрлардың қартаюы байқалады. Университеттің зерттеу жоғары оқу орны ретіндегі даму стратегиясы идеяларды қалыптастырудан бастап инновациялық өнімді құруға дейінгі жаңа білімді жаңғыртудың толық циклін, сондай-ақ бейіні, құзыреті мен біліктілігі бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, еңбек нарығының барлық заманауи талаптарына жауап беретін жаңа буын маманын даярлауды жүзеге асыратын академиялық ортаны іске асырады. Қазіргі уақытта университет 892 кәсіпорынмен және ұйыммен 800-ден астам шарт, оның ішінде 192 оқу-ғылыми-өндірістік кешенді (ОҒӨК) құру туралы келісім жасасты. Әрине, университет өңір кадрларының ұстасы ғана емес, сонымен қатар ҒЗТКЖ-ға инвестиция салмай мүмкін емес инновацияларды дамытудың драйвері болуды жоспарлап отыр. Университетті дамыту және өңірдегі инновацияларды дамытуға үлес қосу міндеттерін іске асыру өңірлік дамуға енгізілген ЖОО тұжырымдамасын әзірлеуге бағытталатын болады (regionally engaged university).

Стейкхолдерлер негізінде студенттердің ақылы кәсіби тәжірибесі қолданылып жатыр. Біздің белсенді бизнес-серіктестеріміздің қатарында «Стандарт-цемент» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Еврокристалл» ЖШС, «КазСтройСервис» ЖШС, «АзияТрафо» ЖШС және т.б. сияқты ірі өнеркәсіптік, құрылыс кәсіпорындары мен көлік компаниялары бар.

Жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастықтың арқасында 2022 жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 83,1%-құрады.

Жұмысшы мамандықтарын оқыту техникалық кадрларды даярлаудың маңызды элементі болып табылады.

Екінші курста оқып жүргенде ЖОО студенттері негізгі жұмыс мамандығын меңгереді. Осылайша, 2000-нан астам студент 28 жұмысшы мамандығы бойынша оқып шықты.

Auezov University

Университеттің ұлттық инновациялық кластерлерге интеграциялануына үлкен мән беріледі. Университет Қазақстандағы Бавария химиялық кластерінің өкілі болып табылады. Тараз және Атырау химиялық кластерлерін дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимылдар бойынша «Біріккен химиялық компаниямен» үшжақты Меморандум жасалды. Осылайша, аталған кластер кәсіпорындарының кадрлық әлеуеті М. Әуезов атындағы ОҚУ түлектерінің есебінен толық қамтамасыз етілетін болады. Бұл елдің 20-ға жуық химиялық кәсіпорнын білдіреді.

Мұндай жұмыс «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағында тоқыма кластері бойынша жүргізілуде, онда 25-тен астам жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорыны орналасқан.

Өңірдің қажеттіліктеріне сүйене отырып, біз әлемдік жоғары оқу орындарының тәжірибесі бойынша екі жоғары мектепті: «Инжиниринг және технологиялар жоғары мектебі» (School of Engineering and Technology) және «Цифрлық ғылымдар және энергетика жоғары мектебі» (School IT-Technology and Energy) мектебін құруды жоспарлап отырмыз.


Auezov University

Осы жобаны тиімді жүзеге асыру үшін М. Әуезов атындағы ОҚУ озық университеттердің тәжірибесін ескере отырып, Elite Education Group Int Қазақстандағы өкілдігімен стратегиялық серіктестік туралы шарт жасасты. Оның ұсынысы бойынша Лос-Анджелестегі Калифорния университеті (UCLA), АҚШ (QS – 44 позиция); КАИСТ (Кореяның алдыңғы қатарлы ғылым және технологиялар институты), Оңтүстік Корея (QS – 42); Хайнянг университеті, Оңтүстік Корея (QS – 157) сияқты әлемдік жетекші жоғары оқу орындары жобаның серіктестері болып табылады. Жоба аясында «Foundation» бағдарламасын іске қосу көзделіп отыр. Әріптес жоғары оқу орындарымен дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыру, студенттер мен ПОҚ алмасу, ғылыми тағылымдамалар жоспарлануда.

Сондай-ақ,

Италия, Франция, Германия, Норвегия және ТМД елдері ғалымдарының қатысуымен 100-ден астам ғылыми және білім беру жобасы жүзеге асырылуда.

Auezov University-де Еуропалық тізілімге енген агенттіктерде институционалдық және бағдарламалық аккредиттеудің табысты тәжірибесі бар – бұл Германияның АСИИН агенттігі және Қазақстанның – НАОКО (IQAA) агенттігі. 2008 жылдан бастап 200-ден астам бағдарлама аккредиттеу туралы сертификаттар алды. Сонымен қатар, университеттің Химия бойынша еуропалық тақырыптық желі қауымдастығында (ECTN) 7 білім беру бағдарламасына халықаралық сараптама жүргізу тәжірибесі бар. 16 білім беру бағдарламасы сапа бойынша Еуропалық тақырыптық желілер беретін Евробакалавр, Евромастер, Евроинженер және Евроинформатик еуропалық сапа белгілерін алды.

Халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін өңірлер университеттерді күрделі инновациялық жүйелердің қатысушылары ретінде қабылдауы керек. Білім беру және зерттеу, жоғары оқу орындарына негізгі функциялардан басқа, үшінші миссия – экономикалық даму мен технологиялық әртараптандыруды ынталандыру миссиясы берілді.

Қорытындылай келе, өнеркәсіптің өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап бере отырып, университеттер өңірлерді жоғары өнімділікпен қамтамасыз ете алатын және терең құрылымдық өзгерістерге әкелетін инновациялық кәсіпкерлік ортаны қалыптастырады деп айтқым келеді.


Auezov University

 

АННОТАЦИЯ

История Южно-Казахстанского университета им. М. О. Ауэзова насчитывает восемь десятков лет. Открытый в годы Великой Отечественной войны, вуз вырос из Технологического института строительных материалов в многопрофильный исследовательский университет, уверенно занимающий достойное место среди ведущих вузов Казахстана. Ректор ЮКУ Д. П. Кожамжарова рассказывает о политике развития науки, проводимой университетом, научных проектах, их коммерциализации, сотрудничестве с бизнесом.

Comments


bottom of page