top of page
Search

Е.А. Бөкетов атындағы қару-де жаңа заманауи зертханалар ашылды

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде екі заманауи зертхана ашылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Олар педагогтар мен студенттердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Шет тілдер факультеті жанынан ашылған SMART-lab цифрлық құзыреттілікті дамыту және бағалау орталығы өз жұмысын бастады.


Орталық заманауи жабдықтармен, оның ішінде компьютерлермен, ноутбуктермен, DigiTouch интерактивті панелімен жабдықталған. Бағдарламалық жасақтама оқытушыларға дизайнерлер мен бағдарламашыларды тартпай-ақ, бейне дәрістер жазуға, тестілеуді ұйымдастыруға және цифрлық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.


Ал физика-техникалық факультетте электроника, аспап жасау және робототехника оқу-зерттеу зертханасы құрылды. Онда студенттер мен магистранттарға электронды аспаптарды, микроконтроллер құрылғыларын, робототехникалық жүйелерді жобалаудың, құрастырудың және дайындаудың заманауи әдістерін үйрету үшін қажет нәрсенің бәрі бар.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page