top of page
Search

Елімізде келер оқу жылы қалай болмақ?


Әлемді толғандырған тағы бір мәселе – оқу үдерісі. Өйткені онлайн сабақтың жарытып білім бермесі анық.


Былтырғы оқу жылы оқушылар мен студенттердің дені қашықтан оқыды. Ал алдағы маусымда қайтпек керек? Дерттің нақты емі табылмаса не істейміз? Әлем елдері жаңа оқу жылына дайындықты қазірден бастап кетті. Алды оқушыларды вакциналап жатыр.


Жаңа оқу жылының басталуына әлі де екі айдан астам уақыт бар. Бірақ ел Үкіметтері қазірден бастап кезекті оқу жылына қатысты дайындық жұмыстарына қызу кіріскен. Індет уақытында оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәрі құрлық мемлекеттері білім алушыларды жаппай вакциналауды көздеп отыр. Мәселен, Испания билігі оқу жылының басталуына екі апта қалғанда 11 жастан асқан баланың бәріне екпе салмақ.


Цитата:

Педро Санчес, Испания премьер-министрі:

- Оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салу экономикалық, әлеуметтік және білім салаларындағы жағдайды қалыпқа келтірудің бірден бір жолы. Ал Израиль билігі жеткіншектерге вакцина салуды әлден-ақ бастап кетті. Қазір бұл елде 12-ден асқан баланың бәріне вакцина салуға болады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл істі мейлінше тезірек аяқтау қажет. Өйткені мектептерде инфекцияға шалдығу деректері тіркеле бастаған.


Юлия Касиф, медбике:

- Балаға вакцина салу үшін ол ата-анасының біреуімен келуі керек. Екпе қабылдауға қатысты өтініш аурухана сайтында алдын ала толтырылуы қажет. Екінші ата-ананың келісімін телефон арқылы сұрап білеміз. Тек осыдан соң ғана балаға екпе егіледі.


Францияда да дәл осындай жағдай қазір. Ата-анасының келісімімен келген балаларға «Файзер» өнімі салынып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл дәріні Америка мен канадалық жеткіншектерге сынау кезінде ешқандай жанама әсері байқалмаған.


Мелани Гёте, ата-ана:

- Екпе салдыру бізге біршама еркіндік берері сөзсіз. Вакцина қабылдағандар қатары көбейген сайын бұрынғы өмірге оралу мүмкіндігі де арта түседі. Біз мейлінше тезірек ұжымдық иммунитетке қол жеткізуіміз қажет деп санаймын.


Ал Мәскеудегі жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі қаладағы эпидахуалдың нашарлауына байланысты жаңа оқу жылын гибридті форматта бастауды ұсынды. Яғни, күндізгі оқуға тек вакцина қабылдағандар мен антиденесі бар студенттер жіберілмек. Қалғаны қашықтан білім алады.


Ақпарат көзі:24.kz

Comentários


bottom of page