Бүгінде технология дамыған заманда білім саласына өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңартып қана қоймай, білімге деген қолжетімділікті арттыру қажет.
Есенов Университетінің Білім беру ресурстарын дамыту орталығында оқу үдерісіне заманауи техникалық және бағдарламалық құралдар мен құралдарды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру ресурстарын дамыту орталығы – MOOC форматындағы онлайн курстарды жасақтау және оларды заманауи ақпараттық білім беру кеңістігіне интергациялау жұмыстарын атқаратын Есенов Университетінің жаңа бөлімшесі. Орталықтың қызметі аясында онлайн-курс авторлары мен білім алушыларға жұмыстың барлық кезеңінде кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету, авторлардың материалдарын графикалық өңдеу және онлайн курстардың контентін визуалды бейімдеу және онлайн-курстарға арналған бейне материалдарды жасақтау жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі заманда виртуалды технологиялардың дамуы бұл технологияларды студенттерге оқыту құралы ретінде пайдалануды талап етеді. Заманауи құрылғылардың техникалық мүмкіндіктері арқылы білім алушы да, жас маман да өзіне қажеттісін алады.
Білім беру ресурстарын дамыту орталығының мамандары тәжірибелік және зертханалық сабақтарға арналған виртуалды бағдарламаларды дайындап, осылайша студенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені бұл тәжірибелерді іс жүзінде орындау кейде жарақат алу қаупімен бірге жүреді. Мысалы, өрт сөндіру, мұнай ұңғымаларында белгілі бір жұмыстарды жүргізу, кемедегі сумен күресу.
Виртуалды көзілдірігі мен қолмен ұсталатын сенсорлар тәжірибе орнында болғандай шындық сезімін береді. Сонымен қатар орталықта жаппай ашық онлайн курстарын Есенов Университетінің оқытушылары түсіреді. Бұл курстарды түсіру үшін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған университеттік бейнестудия пайдаланылады.
Есенов Университетінің «Компьютерлік ғылымдар»
кафедрасының аға оқытушы Г.С. Жилкишбаева
Comments