top of page
Search

Жазғы оқыту жүйесінде ұстаздарға еркіндік берілді


Алматы облысында мамырдың 26 мен маусымның 19 аралығында 600-ге жуық мектеп жұмыс істейді.


Онда ата-аналардың өтініші негізінде қабылданған 100 мыңнан аса оқушы оқиды. Білім беру үрдісі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізілмек. Яғни әрбір сыныпта 15 баладан ғана отырады. Облыстық білім басқармасы мамандарының мәліметінше, сабақ барлық пән бойынша өткізіледі. Негізінен 6,7,8 және 10-сыныптарға басымдық беру көзделіп отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдегі 750 мектептің 200-ден астамы қалыпты жағдайда жұмыс істеді. Ал жазғы оқыту жүйесінде ұстаздарға еркіндік беріліп отыр.


Айжан Адамбекова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Оқыту форматы әртүрлі, ол педагогтың таңдауы, шығармашылығы бойынша ұйымдастырылады. Ол жобалау әдістері арқылы немесе кәдімгі штаттық режимдегі сабақ болуы мүмкін. Немесе осы ашық алаңда ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жерде ешқандай шектеу қойылмайды. Педагогтар өзі таңдайды.


Ақпарат көзі:24.kz



Comentarios


bottom of page