top of page
Search

Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтарын дамыту: жаңа мүмкіндіктер мен нақты қадамдар

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп белгіледі. Осыған орай, Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтарын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп, 50-ге жуық іс-шараны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл бастамалар өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жастарды қажетті мамандықтарға даярлауға бағытталған, «Замануи білім беру» журналы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Колледж № 9 в Мерке

Жоспардың негізгі бағыттары:


Инфрақұрылымды дамыту. 2025 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде, 2026 жылы №9 Меркі колледжінде 220 орындық жатақхана салу жоспарланған. Сондай-ақ, 6 салалық хаб кешені, «1С» сертификаттау орталығы және шетелдік білім беру ұйымының филиалы ашылады;


«Жаңа мамандықтар атласы» жобасы. 2024 жылы іске қосылған бұл жоба облыстың еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды анықтап, құрылыс, тау-кен, туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларына сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жүйелеуде.

Облыста 42 кәсіптік-техникалық колледжде 28 мыңнан астам студент білім алуда. Дуалды оқыту жүйесі бойынша 31,4% студент өндірістік тәжірибеден өтіп, олардың 1100-ге жуық тәлімгерлері кәсіпорындарда кәсіби бағыт-бағдар беруде.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау. 2024 жылы 401,2 млн теңге бөлініп, 1 291 адам кәсіби оқытудан өтті. Олардың 98,5%-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 123 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 7,9 мың жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 2,6 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысса, 1,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. 


Колледж № 9 в Мерке

2025 жылға қойылған мақсаттар:

• 120-дан астам бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу;

• Еңбек нарығының сұранысына сай жаңа мамандықтар ашу;

• Жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту арқылы тұрақты жұмыспен қамту.

 

Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтарын дамыту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын арттыруға және жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастамалар еңбек нарығындағы қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Comments


bottom of page