top of page

Жетісу университетінің студенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тағылымдамадан өте алады


І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны» АҚ басқарма төрағасы, ғарышкер, Халық қаһарманы, университет түлегі Айдын Айымбетовпен кездесті.

Кездесуді Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев жүргізді. Жиын барысында Айдын Айымбетов студенттерге «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің қызметі туралы ақпарат берді.


«Байқоңыр» – әртүрлі орбиталарға зымыран ұшыра алатын санаулы ғарыш айлақтарының бірі. Мұнда ондаған ұшыру алаңы, құрастыру-сынау корпустары, ұшуды басқару орталығы мен зертханалар орналасқан. Қазір Байқоңырда жаңа ғимараттар салып, зымыранның құлау аймақтарын жаңғыртып жатырмыз. Бұл экология мен қауіпсіздік үшін аса маңызды. Осыған орай 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бізге инженер, техник, телеметрия және қауіпсіздік мамандары, электрмеханика саласындағы қызметкерлер қажет. Сіздермен кездесудегі мақсатымның бірі – жаңа жұмыс орындарына қызметке шақыру, – деді Айдын Айымбетов.

Кездесуде «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны» АҚ мен Жетісу

университеті арасында кадр даярлау туралы меморандумға қол қойылды.


Меморандум аясында университет студенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағында тағылымдамадан өту, түрлі зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ашық форматтағы кездесуде Айдын Айымбетов студенттердің сұрағына жауап беріп, алғаш  ғарышқа ұшқандағы әсерін, жалпы еліміздегі ғарыш саласының болашағы туралы ойымен бөлісті. Ректор маңызды кездесу үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ІТ, эколог, физик мамандарын  ғарыш саласына бағыттайтынын айтты.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page