top of page
Search

Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жұмысы басталды

Қазақстанда жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жұмысы басталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


2023-2024 оқу жылына жоо-ларға түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады. 13-20 шілдеде білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау өтеді.


Отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек.

Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.


Оқуға түсушілер 18 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтетін ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін грант конкурсына ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.


Айта кетсек, «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі. Бұл емтихан жоо базасында 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өткізіледі.


Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштерді жоо-лар 20 маусымнан 7 шілдеге дейін қабылдайды, емтихандардың өзі 8-15 шілде аралығында өтеді.


Comments


bottom of page