top of page
Search

Жұбанов Университетінде халықаралық форум өтті

2.05.2024


Университет Жубанова

«SCIENCE. BUSINESS. INTEGRATION» Халықаралық форумы ғалымдар мен қазақстандық жоғары оқу орындарының коммерцияландыру кеңселерінің қызметкерлері, бизнес және мемлекеттік орган өкілдері үшін диалог алаңына айналды.  Іс-шара ғылым мен бизнесті интеграциялау, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлер арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталды.  Халықаралық форумға қатысушылар ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру саласындағы идеяларымен, табысты кейстерімен және инновациялық тәсілдерімен бөлісті.


«Бүгінгі форум – бұл процеске қатысты барлық стейкхолдерлер үшін қуатты диалог алаңы болмақ. Қазіргі таңда ғылым – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ғалымдарымызға үлкен қолдау көрсетілуде. Олар гранттық жобаларға қатысып, ғылыми ортада ақпарат алмасу мүмкіндіктеріне ие. Министрлік заңнамалық базаны, ғылымды коммерцияландыру процесін одан әрі дамыту тетігінің негіздерін құру бойынша маңызды жұмыстар жүргізуде», – деді Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова.

Форумның құрметті қонақтары арасында мәскеулік «Сколково» қорының өңірлік даму және ТМД-мен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президентінің орынбасары Александр Окунев те болды. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен ынтымақтастық туралы бірқатар ұсыныстарын жеткізді.


Сонымен қатар форум аясында Жұбанов университетінің ғалымдары мен студенттерінің ғылыми көрмесі өтті. Көрмеде қолданбалы жобалар «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларын өндірістің модификацияланған қалдықтарының көмегімен ластаушы заттардан тазарту», «Шыны тұсқағазды пайдалана отырып, бетон төсеніштерін өндірудің мобильді технологиясы», «Функционалдық биополимерлерге негізделген пленкалы дәрілік нысандар», «Мыс өндіру технологиясын жобалау және әзірлеу және мыс-графитті сырғанау мойынтіректері», «Үй жағдайында ірімшік дайындау технологиясы» және университет пен зауыт ғалымдарының бірлескен жобасы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және №2 балқыту цехтарында жаңа газ тазарту жабдықтарының жұмысы таныстырылды.


Сондай-ақ форум қонақтары үшін университет базасында орналасқан Heriot-Watt филиалының кампусына, инновациялық технологиялар паркіне, «Материалдардың радиациялық физикасы» орталығына, оқу орнының жылыжайына экскурсия  ұйымдастырылды.хнопарком и теплицей.

コメント


bottom of page