top of page
Search

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2025 жылдың ақпан айында «Үздік 100 студент» қалалық байқауын өткізу туралы

Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" ТжКББ бөлімі 2025 жылғы ақпанда "Үздік 100 студент" қалалық байқауының өткізілетінін жариялайды.



Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін тануға бағытталған.


«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында бұл байқау дарынды жастарды қолдауға, жұмысшы біліктілігін насихаттауға және білімі, дағдылары, дарыны арқасында жетістікке жеткен үздік студенттерді анықтауға бағытталған.


Байқау қашықтан өткізіледі.


Қатысушылар келесі материалдарды ұсынуы керек: мотивациялық хат, бейнеролик (сілтеме) және өз жобасының таныстырылымы. Барлық материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

Байқауқорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталатын жеңімпаздарды анықтайды.


«Үздік 100 студент» байқауы жастардың дарындары мен жетістіктерін көрсетуге тамаша алаң болатынына, сонымен қатар студенттерді оқуда және кәсіби қызметте одан әрі табыстарға шабыттандыратынына сенімдіміз.


Барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қалалық байқауға қатысуға және өздерінің үздік жетістіктерін көрсетуге шақырамыз!


Қосымшаақпараталу үшін ұйымдастырушы комитетіне ТжКББ бөліміне хабарлассаңыз болады.


Байланыс ақпараты:

Кенесбаева Сабира Асановна ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері

Тел: 87078921843

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page