Қазақстан шетелдік азаматтардың оқуы үшін қолайлы жағдай жасауда. 2023 жылғы 28 сәуірде «Современное образование» журналы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша шетелдік азаматтар үшін дәстүрлі онлайн-форум өткізді.
Халықаралық сарапшы, «Современное образование» республикалық журналының редакторы, Қазақстан-Америка Еркін университетінің қауымдастырылған профессоры, форум модераторы Диляра Вудворд өзінің сөзінде:
«Біздің форумның еліміз үшін өте маңызды мереке – 1 мамырда, Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында өтіп жатқаны өте маңызды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда өзініңмәдениетімен және дәстүрлерімен бөлісетін әрі бір-бірін өзара байытатын 130 этникалық топтың өкілдері қатар тұрады. Іс-шараға Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Шри-Ланка, Палестина, Үндістан, Әзірбайжан, Польша, Пәкістан және басқа елдерден қатысушылар тіркелді».
Ағымдағы жылы Қазақстан басқа елдерден талапкерлерді оқыту үшін тағы да 550 нысаналы грант, сондай-ақ үкіметаралық келісімдер шеңберінде 500-ден астам грант бөлді. Бұл туралы форум сарапшылары – ҚР ҰӘҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова және ҚР ҰӘҚ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Сәкенова айтып берді.
«2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында денсаулық сақтау саласындағы халықаралық келісімдер бойынша 465 грант + 20 грант және ЖОО-ның дайындық бөлімшелерінде шетел азаматтарын оқытуға 50 орын қарастырылған (БҒМ 26.07.2022 жылғы № 12 бұйрығы), барлығы 100 орын резервін есептемегенде 535 орын», - деп түсіндірді Ләззат Әділова.
Диляра Вудворд атап өткендей, шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған стипендиялық бағдарлама жылдан жылға қарқын алуда. Бір орынға алты үміткердің болуы – бағдарламаға деген сұраныстың өте жақсы көрсеткіші.
«2023-2024 оқу жылына 550 грант қарастырылған, оның ішінде бакалавриат – 490, магистратура – 50, докторантура – 10. Бағдарламаның операторы – жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы Құжаттарды қабылдау оператордың сайтында 2023 жылдың 30 наурызы мен 30 маусымы аралығында онлайн-режимде жүзеге асырылады», - деп атап өтті Қарлығаш Сәкенова.
Ал Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының – Turan University (Алматы), Auezov University, S. Seifullin Kazakh Agrotechnical University, Nazarbayev University, West Kazakhstan Marat Ospanov Medical University, Amanzholov University өкілдері қатысушылардың оқуға түсуге қатысты нақты сұрақтарына түсініктеме берді. Олардың ішінде келесідей сұрақтарға жауаптар айтылды. Моңғолиядан келген Khuandykh-тан: «How can I applyfor a scholarship? Is it possible to take my child with me?» («Шәкіртақыға қалай өтініш беруіме болады? Баланы өзіммен бірге алып жүруіме бола ма?», Өзбекстаннан Бекзат: «Тесттапсырмасы қай уақытта болады?», Ресейден Динара: «Қандай ЖОО-ларгранттар бөледі? Оқыту қай тілде жүргізіледі? Талапкерлерге қандай талаптар қойылады? Офлайн немесе онлайн дайындық курстары бар ма?».
Онлайн-форум бағдарламасында ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің атташесі Александр Аманжолов студенттік визаны ресімдеу тақырыбында маңызды ақпарат пен пайдалы кеңестер берді, ал полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Асылбек Акубаев Қазақстанға оқуға келушілерге не білу керектігін айтты.
Сарапшылардың жауаптарымен және іс-шараның толық жазбасымен «Современное образование» журналының YouTube-арнасында танысуға болады.
Comments