
2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан-Неміс университеті (DKU) қазақстандық және халықаралық академиялық орта мен жалпы жұртшылық үшін бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырады. ЖОО-ның 25 жылдығына арналған іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясында Қазақстан-Неміс ғылыми орталығы ашылады, сондай-ақ су ресурстары саласындағы зерттеулер мен білімге және қазіргі жағдайда логистиканы ұйымдастыруға арналған екі ірі форум өтеді.
Іс-шараларға Қазақстанның, Германияның, Қытайдың және Орталық Азия өңірі елдерінің білім беру және ғылыми мекемелерінің басшылары мен сарапшыларының, бизнес өкілдерінің қатысуы көзделеді.
3 қыркүйек
«Идеядан әрекетке: Қазақстан-Неміс ғылыми орталығы» дөңгелек үстелі.
Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясында Қазақстан-Неміс ғылыми орталығының ашылуы аясында дөңгелек үстел өтеді.
Мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.
Өткізу уақыты: 10:00 – 12:00.
4 қыркүйек
Орталық Азиядағы су ресурстарын тұрақты пайдалану жөніндегі форум.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтетін форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан университеттерінің өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен ЮНЕСКО сарапшылары қатысады. Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару мәселелері, осы саладағы білім беру мен зерттеулерді дамыту тұжырымдамасы талқыланады.
Мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 8.
Өткізу уақыты: 9:00 – 11:00.
5 қыркүйек
XII Қазақстан-Неміс логистикалық форумы
«Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы көпір»
Форумның тақырыптары: логистика және көлік, логистиканы оқытудың жаңа тұжырымдамалары. Спикерлер - ірі халықаралық логистикалық компаниялар мен бірлестіктердің, ОАӨЭЫ институтының (Үрімші, Қытай), ECATA өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германиядан келген жоғары оқу орындарының сарапшылары. Германияның Алматыдағы Бас консулы Маттиас Кислердің қатысуы күтілуде. Форум Қазақстан-Неміс университетінде өтеді.
Мекен-жайы: Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 173.
Өткізу уақыты: 8:00 – 19:00.
Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс университеті Тәуелсіз академиялық ұйым, халықаралық желілік университет, 1999 жылдан бастап үкіметаралық келісім негізінде іске асырылып келе жатқан екі ел арасындағы ғылыми қатынастардың флагмандық жобасы болып келеді. Университет білім мен ғылымды интеграциялау арқылы Орталық Азияның орнықты дамуына ықпал ете отырып және Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қоса отырып, ең өзекті ғылыми бағыттар бойынша екі шет тілін білетін мамандар дайындайды.
Казахстанско-Немецкий научный центр
Comments