top of page
Search

Колледж түлектеріне арналған ҰБТ 2025 туралы ақпарат

Ұлттық тестілеу орталығы колледж түлектеріне арналған ҰБТ 2025 туралы ақпаратты жариялайды.


Колледж түлектеріне арналған ҰБТ 2025 туралы ақпарат

2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады. КТА деген жоқ.


Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: МАМЫР-МАУСЫМ айларында (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі), НАУРЫЗ, ТАМЫЗ айларында (егер колледжде бітірген мамандығыңызды жалғастырмаған жағдайда).

ҰБТ-ға тіркелу www.app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.


НАУРЫЗ, ТАМЫЗ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰБТ


Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

Тест тапсырмалар саны – 120;

Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);

Жоғары балл саны – 140.


Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, шығармашылық мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 2 пән (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) бойынша ҰБТ тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

Тест тапсырмалар саны – 30;

Жалпы уақыты – 70 минут;

Жоғары балл саны – 30.


НЕГІЗГІ ҰБТ (МАМЫР-МАУСЫМ)


Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз. ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

Тест тапсырмалар саны – 60;

Жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);

Жоғары балл саны – 70;

Шекті деңгей балы – 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.

Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 20 минут (80 минут);


Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз. Құжаттарыңызды жоо-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз.


Мұқият оқып, ҰБТ-ға өтініш беретін кезде қателесіп кетпеулеріңізді сұраймыз!

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page