Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер Альянсы құрылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды. Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы. Форумның жұмысын ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек ашты.
«Университеттегі ғылымды дамыту – маңызды бағыт. Біздің университеттердің көпшілігі teaching university деңгейінде. Олардың ғылыми-зерттеу университеті форматына ауысуы өте маңызды. Бүгінгі таңда ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе артты. Қазір мақсатты қаржыландыру форматы мен бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Университеттерге өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін алғаш рет «мега грант» ұғымы (қаржыландыру тұрғысынан) енгізілуі мүмкін», - деді Саясат Нұрбек.
Форумда коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер Альянсының құрылғаны туралы жарияланды.
Он университет AlmaU-мен меморандумға қол қойды: ҚазҰУ, Satbayev University, АЭжБУ, ҚазҰМУ, ҚазҰАЗУ, ҚБТУ, ҚАТУ, Shakarim University, ЯФИ және Азаматтық авиация академиясы.
Олардың сегізі күрделі салалық міндеттерді шешуге және қосылған құны бар жаңа өнімдерді жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын таныстырды. Ал салалық кеңес мүшелерінен тұратын қазылар алқасы сұрақ қойып, құнды кеңестер берді. Industry Advisory Board (Салалық консультативтік кеңес) – бизнес, салалық кәсіпорындар мен жетекші ғылыми университеттер арасындағы өзара байланысты ашық орнату үшін құрылған платформа.
Салалық консультативтік кеңес қазіргі уақытта Siemens, Microsoft, MC, Honeywell, Coca Cola сияқты әлемдік көшбасшылардың өкілдерін қоса алғанда 22 мүшеден тұрады.
Commentaires