24.06.2024.
Қазақ спорт және туризм академиясында «Күміс университеті» бағдарламасы аясында егде жастағы адамдардың біліктілігін арттыру курстары өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
36 сағат көлемінде «Компьютерлік сауаттылық», «Тоғызқұмалақ ойынының теориясы мен тәжірибесі», «Скандинавиялық серуендеу», «Жекпе-жек өнеріндегі тыныс алу жаттығуларының ерекшеліктері», «Зияткерлік ойындар теориясы және практикасы (шахмат)» атты бес курс өткізілді.
Бағдарламаның игерудің соңында ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры А. Дошыбеков салтанатты түрде сертификаттарды табыстады.
«Күміс университеті» – бұл егде жастағы адамдарға екінші мамандық алуға көмектесетін халықаралық қозғалыс. Оқыту 50 жастан асқан азаматтарды белсенді етіп, өзін-өзі дамытуды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтиды.
コメント