top of page
Search

Көкшетау университетінің студенттері ҚР Президентінің шәкіртақысының иегерлері атанды

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысының иегерлері атанды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ҚР Президентінің шәкіртақысын алуға сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Құқықтану факультетінің 3 курс студенттері Кализатова Амина, Майбах Екатерина, Муратова Анастасия және инженерлік-экология факультетінің студенті Гук Анастасия марапатталды.

«ҚР Президенті шәкіртақысының иегері болу – біздің лауреаттарымыздың оқудағы және қоғамдық қызметтегі зор еңбегін жоғары бағаланатындығы. Атақ конкурстық негізде ұсынылады. Бұл – педагогикалық ұжымның және білім алушылардың, олардың ата-аналарының үлкен еңбегі», - деп атап өтті жоо ректоры С. Елубаев.

Ректор салтанатты шарада студенттерге шәкіртақы алуға сертификаттар мен олардың ата-аналарына балаларын жақсы тәрбиелегені үшін алғыс хаттар табыс етті.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page