top of page
Search

Көкшетауда Халықаралық қазақ-моңғол ғылыми-білім беру орталығы ашылды

Көкшетауда Халықаралық қазақ-моңғол ғылыми-білім беру орталығы ашылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Royal International University (Моңғолия) арасында халықаралық қазақ-моңғол ғылыми-білім беру орталығын ашу туралы шартқа қол қойылып, салтанатты ашылуы өтті.


Тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы шарт аясында келесі міндеттер іске асырылатын болады: академиялық ұтқырлық шеңберінде профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен алмасу, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының ынтымақтастығы, ғылым және технология салаларында бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу, гранттық және коммерцияланатын жобаларды бірлесіп әзірлеу, білім алушылардың бірлескен ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, инновациялық іс-шараларға қатысуы және т.б.


Білім мен ғылымда жаңа мүмкіндік ашатын бұл оқиға Абай Мырзахметов атындағы университет пен Royal International University (Моңғолия) арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page