top of page
Search

Лондонда жазушы-драматург Дулат Исабековтың пьесасының әлемдік премьерасының тұсаукесері өтті

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының (Лондон) қолдауымен «Бөрте, әлем патшайымы» қойылымының халықаралық тұсаукесері өтті. ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Спектакль ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мельбурн қаласында (Австралия) көрсетіледі, ал келесі жылы ұйымдастырушылар труппаның бұл спектакльмен Ұлыбритания мен АҚШ-қа гастрольдік сапарын жоспарлап отыр.


Дулат Исабеков қазақ әдебиетінің ақиық классигі саналады, оның пьесалары Еуропа мен Азияда әлемнің көптеген тілдерінде қойылып, ал кітаптары жарты ғасырдан астам уақыт бойы сыншылар мен оқырмандардың мойындауына ие болуда.

Ғаламды дүрліктірген Шыңғыс ханның өмірінде үлкен рөл атқарған дана әйел Бөрте туралы осы қойылымда оның қиын өмірі мен ұлы жаулаушының тағдырындағы шешуші рөлі баяндалады.


Спектакльді классикалық пьесаны музыкалық фрагменттері бар спектакльге айналдырған әйгілі австралиялық режиссер әрі композитор Уоррен Уиллс қоюда.

Мельбурндағы қойылымға көрнекті австралиялық мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ әлеуметтік инклюзивті Жас әлем хоры қатысады.


Жоба Еуразия кеңістігіндегі халықтардың ұлттық мәдениетін ілгерілету мақсатын көздейтін британдық қоғамдық ұйым болып табылатын Еуразиялық шығармашылық гильдияның бастамасымен қолға алынуда. Аталаған ұйым 2015 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде халықаралық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.



コメント


bottom of page