top of page
Search

М.Әуезов атындағы ОҚУ ғылыми-зерттеу зертханаларында пресс-тур өткізілді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми-зерттеу зертханаларында пресс-тур өткізілді. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Пресс-турға қатысушылар «Композиттік материалдардың жоғары температуралық синтезі» зертханасының жаңа радиациялық-қорғаныс материалдарын, ұнтақ материалдар мен композиттер синтезін әзірлеу бойынша патенттері алынған ғылыми зерттеулерімен танысты.


Бұл материалдардың түбегейлі ерекшелігі - олардың шағылыспай, рентгендік және гамма-сәулелерді сіңіреді, яғни жартылай ыдырау кезеңін жылдамдатады. Сонымен қатар бөлшектерді тозуға төзімді жоғары көміртекті болат қабатымен қаптау технологиялары ұсынылды. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелері бойынша гранттық қаржыландыру байқауына қатысу мақсатындағы жобалар дайындалған.


Comments


bottom of page