top of page
Search

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті: Таиланд Корольдігі елшісімен кездесу

21.05.2024.


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылық құрамы және ғалымдары Таиланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен туризм және қонақжайлық саласындағы білім беру ынтымақтастығы тақырыбында дөңгелек үстел басында бас қосты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



«Алдағы уақытта біз оқу-ағарту бағытында қарым-қатынастарымызды жақсартуда үлкен жобаларды қолға алуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан нақты ұсыныстарымызбен келіп отырмыз. Атап айтқанда, сіздерде Спорт және туризм факультетінің білім алушыларын біздегі жетекші оқу орындарында қысқа курстардан өткізіп, тәжірибе алмасуға шақырамыз. Сондай-ақ Әуезов университетінде Таиланд елінің студенттері білім бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алса дейміз. Екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуда сіздердің оқу орындарыңызда мәдени және кітап бұрыштарын ашу жобасын да ұсынамыз», - деді елші.

Басқосуда университет ректоры м.а Қайрат Нұрманбетов білім алушыларды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқыту, қосдиплом, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру бағытында әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін жеткізді. Алдағы уақытта бұл жобалар пысықталып, тараптар келіссөздер жасау бойынша уағдаласты.


Кездесу аясында Чатчаван Сакорнсин университеттің оқу-ғимаратын аралап, ғылыми және материалдық-техникалық базамен танысты.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page