top of page
Search

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындылары

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 40 мың адам тапсырды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Олардың 41%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 70 балл. Ең жоғары балл – 136.


Тестілеу қорытындысы бойынша 281 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 189 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 2 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 1 адамның балы жойылды.


Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Грант конкурсына құжаттар қабылдау ертең, 11 тамызда басталады.















© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page