top of page
Search

Маңғыстаудағы Қазақстан-Германия серіктестігі: Green Hydrogen жобасына қажетті кадрлар дайындау

Ақтау қаласында «Қазақ-Неміс Инжиниринг Институтын» құру бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.

«Қазақ-Неміс инжиниринг институтын» биылғы жаңа оқу жылынан бастап логистика және энергетика мамандықтары бойынша студенттерді қабылдап, ағылшын, неміс тілдерінде оқыта бастайды.


Білім алушылар 8 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша қос дипломға және үш дипломға ие болады. 2030 жылға дейін мың студентті оқытып, облыстағы Green Hydrogen жобасына қажетті кадрлар дайындап шығару жоспарланды.


Қазақстан мен Германия арасындағы бірлескен бастама аясында Yessenov University-де «Маңғыстаудың тұрақты дамуының инженерлік бағыттағы Қазақ-Неміс серіктестігі» такырыбында дөңгелек үстел өтті.


Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі, DEAD, SVEVIND және басқа да университет серіктестері қатысқан дөңгелек үстелдің мақсаты – перспективаларды анықтау және үздік неміс тәжірибесін енгізу; экономика қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы инженерия мамандарын даярлаудың өзектілігін талқылау; Германия жоғары oқy орындары мен Yessenov University кәсіби және мәдени ынтымақтастығын нығайту.


Фото: www.dku.kz


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page