top of page
Search

МВА/ЕМВА бағдарламасы бойынша ҚазҰАЗУ бірінші түлектері бітірді

ҚазҰАЗУ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің базасында МВА/ЕМВА бағдарламасы бойынша 7 диссертациялық жобаның бірінші түлектері өз жұмыстарын сәтті қорғап шықты. ҚазҰАЗУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

ҚазҰАЗУ білім беру процесінде МВА/ЕМВА бағдарламасы алғаш рет 2022 жылы ашылды – бұл елдегі және шетелдегі үздік мамандардың білім беру, оқыту мүмкіндіктерін пайдаланатын болашақ кәсіпкерлердің үйрену форумы десе де болады. Оқыту аясында агробизнес саласында, оның ішінде, әлемдік жетекші агро-компанияларда және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жеке тағылымдамалар ұйымдастырылды. ҚазҰАЗУ базасында МВА/ЕМВА бағдарламасының білім алушыларымен Польша, Нидерланды, АҚШ, Түркия және т.б. елдердің халықаралық дәрежедегі білікті оқытушылары жұмыс істеді.

Дисертация қорғау барысында KPI, маркетинг және цифрлық трансформация сияқты бағыттар бойынша ғылыми-практикалық және эксперименттік жұмыстар ұсынылды. МВА диссертациялық жобаларды қорғау процесінде ҚазҰАЗУ студенттері мен қабылдау комиссиясының мүшелері арасында "сұрақ-жауап" форматында өтті.

Бітіруші түлектер өз ұсыныстарымен бөлісіп, өздерінің алған ғылыми тәжірибелері туралы қысқаша айтып берді. Олар зерттеу базасына негізделген осы қорғауды ұйымдастырудың және оған қатысудың маңыздылығын атап өтіп, 4 елеулі бағытты атап өтті: 1) шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық және білім алмасу; 2) бірлескен зерттеулер мен жобаларды жүргізу; 3) жастар арасында агробизнес саласында дағдыларды дамыту; 4) білім беру процесінің цифрлық трансформациясы.

Комиссия мүшелері МВА/ЕМВА бағдарламалары бойынша түлектері ЖОО тарихында тұңғыш бітірушілер болып мәңгі қалатынына атап өтті. Олар біздің университеттің абырой-беделін көтеріп қана қоймай, сонымен бірге, осы оқу орнанда оқуға, шығармашылыққа, қарым-қатынасқа және дамуға жұмсалған уақыттың бекер өтпегенін дәлелдейтінідеріне сенімді. Қазірдің өзінде жас зерттеушілер мен кәсіпкерлер азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық проблемаларын зерделеу жөніндегі МВА бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеп жатыр және Қазақстан Республикасындағы экономикалық даму, климаттық өзгерістер мен азық-түлік қауіпсіздігінің сын-қатерлерінің алдын-алу үшін инновациялар мен инновациялық агротехнологияларды пайдалану перспективаларын зерттеуде.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page