top of page
Search

Мектептері мен колледждерінің басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті алғашқы болып 100 білікті басшы даярлау курсын бастады.Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептері мен колледждерінің басшыларына арналған білім беру жүйесіндегі менеджментті арттыру бойынша біліктілікті арттыру курстары аяқталды.


Білім беру саласы мамандарының біліктілігін арттыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту және мұғалімдердің даярлық деңгейін арттырудың пәрменді шараларын қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өтуде.


Сондай-ақ, ведомствоаралық кеңестің жұмысы аясында ғылым және жоғары білім және ағарту екі министрлігінің бастамасымен құрылған педагогтерді заманауи сапалы даярлау мәселелері бойынша мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде.


Мектеп және колледж басшыларына арналған «Менеджмент негіздері» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы жетекші шетелдік университеттердің (University of California Irvine, USA; University of Queensland, Australia; University of Surrey, UK) материалдары негізінде дайындалды.


Екі апталық курстардан өту нәтижелері бойынша тыңдаушыларға сертификат және арнайы әзірленген 4 фаст-бук (FastBook) алу мүмкіндігі беріледі.




© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page