top of page
Search

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 26 миллиард теңгеден астам қаржы жинаған

30.07.2024.


Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында бүгінге дейін ата-аналар өз балаларының білім беру ақысын төлеуге 26 миллиард теңгеден астам қаржы жинаған, «Замануи білім беру» журналы Қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі балаларға арналған жинақтаушы білім беру капиталын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе бойынша мемлекет балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне баланың болашақта ел ішінде де, шетелде де оқуын төлеу үшін жинақ шоттарын немесе инвестициясын ұйымдастыру мүмкіндігін береді. Бағдарламамен 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы бөлу қарастырылған.


Қатысушы банктер: Халық банкі-пайыздық мөлшерлеме 12% дейін, Jysan Bank - 14% дейін, Nurbank – 14,1% дейін, Отбасы Банкі – 12% дейін, ВТБ банк – 14% дейін.


2022 жылдан бастап сақтандыру ұйымдарына жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер күшіне енді. Осылайша, бүгінде шамамен 1,3 млрд теңгені құрайтын 1890 білім беру жинақтаушы сақтандыру ашылды.


Айта кету керек, бүгінгі күні мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жарналары есебінен білім алып жатқан студенттерге мониторинг жүргізу үшін жоғары оқу орындарымен білім беру жинақтау жүйесі саласында 123 келісім және колледждермен 582 келісім жасалған.


Бағдарламаға қатысушы сақтандыру компаниялары: «Halyk-life», «Nomad life», «Freedom Finance life», «Standard life» және «Еуразия».


Депозит ашу үшін банкке келесі құжаттар тізбесімен жүгіну қажет:


- Жеке куәлік;


- Туу туралы куәлік;


- Бастапқы жарна кемінде 3 АЕК;


Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (800)- 080 -28-28 (call-center), 8 (7172)-695-127.

Comments


bottom of page