20.03.2024.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен түлектерге 1414 «электрондық үкімет» порталының бірыңғай байланыс орталығынан дербес деректерді (жұмыс берушінің БСН, жұмысқа орналасу мерзімі) алу туралы сұрау салу SMS-хабарламасы жіберілуде.
Сұрауға жауап ретінде смс хабарламаны алушы тұлға дербес деректерді ұсынуға 511 (келісім) немесе 512 (бас тарту) мәтіні бар смс жіберуі тиіс.
511 - (келісім). Студент немесе түлек келісім берілген жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды ұсынудан босатылады.
512 - (бас тарту). Студент немесе түлек келісім бермеген жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды алты ай сайын үш жыл бойы ұсыну қажет.
SMS-хабарламаны жіберу барлық абоненттер үшін тегін.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (800) 080-28-28 (Call-центр)

Comments