Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім.
М. Әуезов
Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет қана тарих сахнасында өзінің орнын сақтай алады. «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» үдерісі баршамызға аян. Осы үдерісті іске асырудың міндеті білім екені даусыз. Сол себепті мен «Ешқашанда бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,– деген Н. Д. Зилинскийдің сөзіне сүйенемін. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім», – деп (Strong, Ward & Grant, 2011) дәлелдегендей, қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер көшбасшы керек.
Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиді өмір сүруге дайындау. Баланы бесіктен бастап біліммен сусындату, білімге қарай икемдеу, бағып қағу. Бұл – ұстаз міндеті. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негізде-рінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арма-ны мен оның сырлы тағдырына басшы-лық етуді мойнына алған маман иесі. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым.
Қазіргі заман педагогі қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, ол мақсатқа жетуде рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әрбір тұлғаның қолы-нан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, жоғарғы интеллектілік қасиет.
Осы тұста Абайдың:
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, –
деген өлең жолдары еріксіз санаға оралып отырады.
Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Ұстаз – өз уақытын өзгенің бақытына жан – тәнімен сый беретін тұлға. Міне, мына біздер мұғалім арқасына жүктелер аманат, сенім ешқандай кедергі-мен сәйкес келмейтін өлшем. Сол себепті менің жүрегімде «Мен бүгінгі қоғамның – педагогімін», деген ой, тайға таңба басқан-дай жатталып тұр. Бұл күш арқылы өзіме жүктелген жауапкерші-ліктің маңызын сезінемін. Бұл менің тәжі-рибеме сауатты, білікті, іскер шығарма-шыл, болу керек екенін меңзейді.
Қорыта келгенде, көшбасшы атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр көшбасшы борышы.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, –
деп бекер айтпаған.
Білім беру жүйесі маман-дардан сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Біздер, ұстаз-педагог, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушы-ларды тәрбиелеп отырғанымызды ойла-сақ, алдағы мақсатымыз қандай бола-тыны өзінен – өзі айқын ажыратылады. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген білік пен тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
«Ә. Бөкейхан aтындaғы № 23 жалпы білім беретін мeктeп»
кoммунaлдық мeмлeкeттік мeкeмeсі
химия пәні мұғалімі
ДУЙСЕМБАЕВА Айжан Борисовна
Кентау
АННОТАЦИЯ
«Учитель – это человек, который отдает свое время для счастья других. Большая ответственность возлагается на учителя, так как мы доверяем ему своего ребенка. Вот почему в моем сердце запечатлена мысль: "Я учитель современного общества". Я чувствую важность ответственности, возложенной на меня. Это означает, что я должна быть компетентной, квалифицированной, творческой и инициативной». Учитель химии общеобразовательной школы № 23 им. А. Бокейханова г. Кентау Туркестанской области Айжан Борисовна Дуйсембаева делится своими мыслями о бесценной роли учителя в нашем обществе.
Comments