Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен стажерлармен кездесті. Іс-шараға 40-қа жуық азамат қатысты. Кездесу еркін форматта өтті. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Кездесу барысында қатысушылар докторантураға қатысты мәселелерді, шетелдік университеттер мен ұйымдарда тағылымдамадан өткен болашақтықтар алдында ашылатын мүмкіндіктерді талқылады. Қазақстанда ғылымды дамыту тақырыбы бойынша, оның ішінде «Болашақ» түлектерінің ғылыми салаға қосқан үлесі туралы пікір алмасты.
Барлық қатысушылар министрге өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Саясат Нұрбек мұндай кездесулерді бейресми форматта өткізудің маңыздылығын атап өтіп, «министрлік-болашақтықтар» диалогын жалғастыруға үміт білдірді.
Кездесу соңында министр қатысушыларға жоғары білім мен ғылым жүйесін жетілдіруге қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.
Comentarios