top of page
Search

Министр Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды

Министр Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ақтауда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Yessenov University аумағында студенттерге арналған 500 орындық жатақхана ашылды.

«Біздің мақсатымыз – жеті жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 70 мың орындық жатақхана салу. Бұл мәселе Президенттің тікелей бақылауында», - деді Саясат Нұрбек жаңа жатақхананың лентасын қию рәсімінде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлері мен олардың ата-аналары үшін нысаналы білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында министрдің төрағалығымен батыс өңіріндегі жастардың елдегі жетекші жоғары оқу орындарында білім алуына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға 40-тан астам жоо ректорлары қатысты. Әрі қарай олар Yessenov University жаңалықтарымен және болашақ жоспарларымен танысты.


Университет президенті Берік Ахметов ғылыми-техникалық қызметтің түрлі салаларында білім алатын, техникалық ой-өрісін дамытатын болашақ инженерлердің, технологтардың, IT мамандарының өсіп-жетілуіне жағдай жасау мақсатында «Yessenov» технопаркінің құрылысы жобасымен таныстырды.


Технопарктің зертханалары ашық және тек студенттерге ғана емес, қала тұрғындарына да қолжетімді болады.

Екі қабатты кешен заманауи технологияның 80-нен астам түрімен, түрлі жабдықтармен, соңғы үлгідегі бағдарламалары бар компьютерлермен жабдықталады.


Саясат Нұрбек Есенов университетінің студенттерімен кездесіп, еркін форматта қызықты дәріс оқыды.

Министр лекциясында жасанды интеллекттің техникалық инновациялық ілгерілеуі, ақылды роботтардың жай механизмдер сияқты адам өмірін жақсартуға бағытталуға тиіс екендігін және бұл тенденцияның мүмкіндіктерін меңгеру қажеттігі туралы айтты.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page