top of page
Search

​Министр Саясат Нұрбек «Тұран» университеті ұжымын мерейтоймен құттықтады

Алматыда «Тұран» университетінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаһандық өзгерістер: ғылым және білім талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бахытжан Жұмағұлов, көрнекті ғалымдар, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысты.


Министр өз сөзінде «Тұран» университетінің жетістіктері мен белестеріне тоқталып, елдегі ғылым саласының кадрлық құрамын қалпына келтіру үшін қабылданылып жатқан шараларды атып өтті.


«Алда атқарар үлкен жұмыс күтіп тұр. Ғалым мәртебесін қайтарып, еліміздің зерттеу корпусын қалпына келтіру қажет. Бұл үшін бүгінде жүйелі шаралар қабылдануда. Докторантура мен постдокторантураға гранттар саны өсті, стипендия сомасы да екі есеге артты. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша ғылыми тағылымдаманың жеке бағдарламасы іске қосылды. Жыл сайын 500 ғалымды жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарына, институттарға, мамандандырылған зертханаларға жіберетін боламыз. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру қажет. Келесі жылдан бастап біздің ғалымдардың гранттық қаржыландыруы екі есеге ұлғаяды. Сондықтан біз қазір ЖОО-лар ғылымды кадрлармен қамтамасыз ету және қолданбалы зерттеулердің қайнар көзіне айналуы үшін көп жұмыс атқаруымыз қажет», – деді Саясат Нұрбек.

Форумға қатысушылар білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жоғары оқу орнының бүгінгі жетістіктері жайлы сөз қозғап, университет ұжымына жемісті жұмыс тіледі.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі


Comments


bottom of page