top of page
Search

Министрлік балалары бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға хабарландыру жасады

Білім және ғылым министрлігі бірінші сынып ата-аналарына құжат қабылдау тәртібі өзгергенін еске салды.


2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді.


Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.


1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.


Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.


Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады) • Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады) • Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны) • Егу паспорты (065/у нысаны) • Баланың суреті (3*4 өлшемді)


Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім басқармаларына хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.



Comments


bottom of page