top of page
Search

Министрлікте білім беру бағдарламаларын әзірлеу талқыланды

Министрлікте білім беру бағдарламаларын әзірлеу талқыланды.Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Онлайн-форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының базасында «Бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламаларын әзірлеу және енгізу тәсілдері» атты семинар өтті.


Семинардың мақсаты - бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу, жобалау мәселелері мен перспективаларын анықтау.


Жалпы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі мен Лиссабон конвенциясы арнасындағы қызметі жетекші шетелдік университеттерде білім бере отырып, бірлескен және қос дипломды білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Бұл биыл бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына да сәйкес келеді.


Іс-шарада бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеудің, іске асырудың, аккредиттеудің және танудың негізгі мәселелері мен аспектілерін талқыланды. Семинар интернационалдандыруды одан әрі кеңейтуге қызмет етеді және болашақта ЖЖОКБҰ-ның шетелдік серіктес университеттермен қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға алып келеді.


Семинар жұмысына ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының басшылығы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі директоры, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page