5.03.2024.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің студенттері үшін «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің (Мәскеу, Ресей) ғалымдары өткізген «Энергетикалық және жылу алмасу жабдықтарын инженерлік есептеудің заманауи әдістері» және «Ядролық технологияларды энергетикалық емес қолдану» дәрістерінің бір апталық циклі аяқталды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бір апта бойы студенттер ядролық реакторлардың жұмыс принципі туралы ақпараттарды алды: олардың негізгі құрылымдық элементтері, қазіргі әлемдік энергетика секторындағы атом энергетикасының жағдайы; оның тиімділігі мен үнемділігі туралы.
Студенттер лекция барысында ядролық энергетикалық қондырғылардың негізгі түрлері; әлемдегі алғашқы ядролық реакторлар, қолданыстағы энергоблоктар және ядролық саланы дамытудың перспективалық жобалары мен бағыттары; ядролық энергетикалық қондырғылардың конструкциялары мен жұмысының ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері; ядролық энергетикалық реакторлар мен энергия кернеулі жабдықтарды физикалық жылуды есептеудің негізгі әдістері туралы, сондай-ақ ядролық технологияларды энергетикалық емес қолдану бағыттары туралы білді.
Лекторлар ретінде техника ғылымдарының кандидаты, МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің доценті Дмитрий Кузьменков және физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Василий Корнухов сөз сөйледі. Олар энергетикалық және жылу алмасу жабдықтарын инженерлік есептеудің заманауи әдістері, зерттеу реакторларының түрлері және олардың функционалдығы, изотоптар және атом өнеркәсібін құру, «Манхэттен жобасы» тақырыптары бойынша білімдерімен бөлісті.
Дәрістер циклінде алынған білім студенттерге, әсіресе «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтары бойынша оқитын білім алушылараға болашақта өз саласының бәсекеге қабілетті маманы болып шығуына өз септігін тигізеді.
コメント