top of page
Search

Мүмкіндік өте көп! Ғылым академиясында жас ғалымдарға марапаттар табысталды

Кеше, 26 ақпанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында мерекелік шара өтті –белсенді ғылыми еңбектері үшін еліміздің жас ғалымдары марапатталды.


В Академии наук вручили награды молодым ученым

Зал лық толы болды – мұнда университет ректорлары да, еңбек сіңірген ғалымдар да, жас зерттеушілер мен түрлі БАҚ өкілдері де жүрді. Қазіргі таңда жоғары білім мен ғылымда қандай қуатты, динамикалық процестер жүріп жатқаны сезіледі, көп нәрсенің жақсы жаққа қарай қарқынды өзгеріп жатқанын, білім беру мен зерттеулер үшін әлемдік деңгейде қанша жолдың ашылып жатқанын көруге болады.

 

В Академии наук вручили награды молодым ученым

«Мүмкіндіктің көп екенін түсіну қажет», – дейді Саясат Нұрбек. – Қазір жылдам өзгере алатын, батыл шешімдер қабылдап, әрекет ете білетін адам ғана жетістікке жететін кез.

 

Льюис Кэррол айтқандай, бір орында қалу үшін жүгіру керек, ал бір жерге жету үшін екі есе жылдам жүгіру керек. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, кейбір шектеулерді алып тастауға тырысамыз, кейде бұл жақсы нәтиже бермеуі мүмкін, бірақ біздің шын жүректен тырысып жатқанымызға сеніңізші».


Формализм болмауы керек, заңдар ғалымдардың жұмысына кедергі келтірмей, керісінше қолдау көрсетуге тиіс деп есептейді министр. Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы қайта жанданып, елдің түкпір-түкпірінен дарындар жиналуда, ғылым, өндіріс және жоғары білім арасындағы байланыс нығайтылып жатыр.

 

Жұмыста қаржыландыру үлкен рөл атқарады және мемлекеттің ғылымды сөз жүзінде ғана емес, шын мәнінде қалай қолдап, оның деңгейін көтеруге көмектесіп, диалог жүргізіп, ғылыми ортада болып жатқан барлық жаңалыққа белсене араласа бастағаны анық байқалады.


В Академии наук вручили награды молодым ученым

ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев біздің тілшімізге берген сұхбатында былай деді:


«Мемлекет басшысы ұстанып отырған саясаттың арқасында ғылымға көп көңіл бөлінуде. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Тек қаржыландыру ғана емес, инфрақұрылым да, ғалымдарға деген көзқарас та өзгеруде. Бір өкініштісі, соңғы отыз жылда мемлекеттің ғалымдарға деген көзқарасы төмен болды. Сондықтан проблема өте көп. Бұл осы жылдар ішінде жіберіп алған дүниелерімізді қуып жетіп, орнын толтыруымыз керек маңызды әрі жүйелі сипаттағы мәселелер.


Қазіргі уақытта ең алдымен жас ғалымдарды қолдау керек. Академияның президенті ретінде мен жастарымыздың әлеуеті өте жоғары екенін көріп отырмын. Жаңартылған Академиядағы алғашқы әрекеттеріміздің бірі – осы жылдарға дейін болмаған Жас ғалымдар кеңесін құру болды.

Бұл бөлек құрылым, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы менің штаттағы кеңесшім болады, тиісінше, ол шешімдер қабылдауға қатысады. Кеңес еліміздің түкпір-түкпірінен келген 31 жас ғалымнан тұрады. Университеттерде сатылас құрылған жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің жанында студенттердің құқықтарын қорғайтын, заң жобаларын әзірлеуге қатысатын, тіпті парламентке шақырылатын омбудсмен де бар. Кеңесте қарап отырсаңыз, қазір жас ғалымдардың үні естіле бастады. Олардың дамуы үшін не қажет? Олар осы жайында айтады, ал біз оларға құлақ асуымыз керек, заңдар қабылдауымыз қажет, әрине бұл қазірдің өзінде жасалып жатыр. Мен мұны Ғылым академиясы саясатының басты бағыты деп білемін.


Бүгінгі шараның алдында өте ауқымды байқау өтті, 6 сыйлық пен 75 шәкіртақыға 1400 үміткер болды, әр орынға 37 адамнан қатысты. Ал 75 шәкіртақының 50-ін жас ғалымдарға бердік. Яғни, басымдық жастарға беріліп отыр.

Біз байқауды алғаш рет цифрлық форматта өткіздік, яғни адам факторын барынша болдырмауға тырыстық. Бұрынғыдай ХҚКО-ға барып, бәрін қағаз жүзінде тапсырудың қажеті жоқ. Енді әр үміткер әрбір кезеңде қанша ұпай жинағанын көре алады. Бұл платформаны алғаш рет Ғылым академиясы Astana Hub-пен бірлесіп әзірледі. Келесі жылы оны жетілдіретін боламыз. Ең бастысы – ғалымдардың еңбегіне объективті баға беру».


В Академии наук вручили награды молодым ученым

Салтанат Берғалива, PhD докторы, Satpaev University-дің  докторантурасын бітіріп, университетте стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасында жұмыс істеуге қалады. Бүгін жас ғалым тек сертификат қана емес, «Ең үздік педагог» марапатын да алды.

– Салтанат, байқаудан қандай әсер алдыңыз?

– Ең алдымен, осы жылы байқауға құжаттарды тапсыру үшін ыңғайлы цифрлық платформа пайда болғанын айтқым келеді. Бұрын бәрі қағаз түрінде жасалатын, министрліктің өтінімді алған-алмағанын да түсіну қиын болатын. Ал биыл процедура өте ыңғайлы болды.

– Сіз қандай да бір жобаны ұсындыңыз ба?

– Жоқ, бізге мақалаларымызды жариялағанымыз, халықаралық университеттермен әріптестік орнатқанымыз жайлы өзіміздің ғылыми қызметімізді сипаттап, барлық құжаттарды ұсыну керек.

– Сіз Scopus базасында, ағылшын тілінде мақалалар жариялайсыз ба?

– Иә. Себебі мен докторантураны аяқтаған кезде Испанияның Кадис университетімен жұмыс істей бастадым. Олармен кооперацияға кірген кезде, сізде деңгейі Q1-ден төмен емес мақала болуы керек деген талап қояды.

– Қазір немен айналысып жүрсіз?

– 3D басып шығару кезінде полимер қалып қойып, тасталады. Біз оны лақтырмай, керісінше қайта пайдалануға болады деп есептейміз. Қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.


Бүгін тоғыз ғалым «Ғылыми қызметкерлерге 200 пәтер» бағдарламасы бойынша мемлекеттен пәтер алды.


Ефим Булавин, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы:

– Бүгін жұбайым екеуіміз пәтер алдық. Алматыда жұмыс істейміз. Біздің өміріміз ғылыммен байланысты. Осында танысып, үйленгенбіз, бірге жұмыс істейміз. Бұл біздің балық шаруашылығы орталығы үшін Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі алғашқы үлкен марапат. Және бұл соңғысы болмайды деп үміттенемін. Өйткені тұрғын үй мәселесі өте маңызды. Бұл мәселенің оңынан шешілуі әрі қарай дамуға ынталандырады. Баспаналы болғанымызға әлі де сене алар емеспін. Осыдан бес жыл бұрын ғылым саласында жүріп пәтерлі боламыз деген ой тіпті үш ұйықтасам да түсіме кірмеген.

Біз балық ресурстарымен жұмыс істеп, арнайы шаруашылықтарда балықты қайта өндіру үшін жаңа технологияларды енгіземіз. Ғылыми зерттеулер жүргіземіз және барлық жұмыстарымыз министрліктің тапсырыстарын орындаумен байланысты.

 

Балжан Найманова, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының пайдалы жәндіктер және биоагенттерді жаппай өндіру зертханасы өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің ғылыми қызметкері:

– Бұл жерде 10 жыл бойы жұмыс істеп келемін, негізінен көкөніс дақылдарын қорғаумен айналысамын. Пайдалы жәндіктерді жаппай өсіріп, зиянкестермен күресу үшін жылыжайларға жібереміз.

Керемет әсер алдым. Мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы мен көтерген бастамасы үшін, ал ұжымыма маған сенім артып, қолдау білдіргені үшін алғыс айтқым келеді.



Залдың жанындағы фойеге ғалымдардың 200-300 жыл бойы сақталып келген сирек әрі құнды кітаптардың түпнұсқасын қоюы дәстүрге айналып келеді. Бұл жерде келушілер тарихи жәдігерлерді өз қолдарымен ұстап көріп қана қоймай, ол кітаптармен жақынырақ танысып, өзге де құнды жауһарларды көруге мүмкіндік алады.

 

В Академии наук вручили награды молодым ученым

 

 

 

 

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page