21-28 ақпан аралығында қазақстандық мұғалімдер білімін бағалау үшін тестілеуден өтуде, «Замануи білім беру» журналы ҰТО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Педагогтер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.
Тестілеу ұзақтығы – 80 минут,
"Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – 125 минут.
Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін тестілеу 1 блоктан және 50/60 тест тапсырмасынан тұрады.
Тестілеу ұзақтығы – 90 минут.
Педагогтердің білімін бағалаудың жаңа форматына сәйкес шекті балдар да өзгерді. Осыған байланысты сіздерге ПББ-ның шекті балдары туралы ақпарат ұсынамыз.
Kommentarer