Қазақстанның білім және ғылым министрлігі наурыздағы ҰБТ-ның аралық нәтижесін жариялады.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, бүгінгі күні талапкерлердің 65%-і шекті балл жинаған.
Орташа балл – 65, ең жоғары – 134 балды құрады. 28 қатысушы 130-дан жоғары балл жинаған.
"Қатысуға шамамен 105 мың адам өтініш білдірсе, олардың жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. Тестілеуге қатысқандардың 74,2%-і қазақ тілінде, 25,6%-і орыс тілінде, 0,2%-і ағылшын тілінде тапсырды", - деді Ұлттық орталық басшысы.
Сондай-ақ наурыздағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысқаны белгілі болды. Биылдан бастап ерекше қажеттілігі бар түлектерге тест тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут уақыт берілді.
"Математика-физика" (25%), "Химия-биология" (17%) әлдеқайда жи таңдалатын бейіндік пәндер қатарында тұр. Ал "Химия-Физика" комбинациясына талапкерлер арасында сұраныс төмен (0,13%).
Сонымен қатар емтиханға смартфон, көмекші құралдар және басқа да тыйым салынған заттар алып кіруге тырысқан 63 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.
Тестілеу кезінде ереже бұзған 135 адам аудиториядан шығарылды және және олардың тест нәтижесі жойылады.
Негізінен, тес тапсырушылар телефон, құлаққап, смарт-сағат, калькулятор алып кіруге тырысқан.
Comments