top of page

Негізгі ҰБТ-2025

Негізгі ҰБТ-ға 2025 жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, өткен жылғы түлектер, шартты негізде оқитындар, қандастар және шетелде оқыған Қазақстан азаматтары қатысады.


Негізгі ҰБТ-2025

Негізгі ҰБТ-ға қатысушылардың барлығы оны 2 рет тапсыра алады.


2025 жылы негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 12-25 сәуір аралығында app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. 12-18 сәуір аралығында бір рет, 19-25 сәуір аралығында тағы да бір рет немесе 12-18 сәуір аралығында өтініш беріп үлгермесеңіз, екі рет өтініш бере аласыздар.


Мысалы, 12-18 сәуір аралығында шілдеге өтініш беріп, ал 19-25 сәуір аралығында мамырға өтініш бере аласыздар. Екі мүмкіндіктің арасында бекітілген мерзім жоқ, тек бір күні 2 рет – таңертең және түстен кейін – ҰБТ тапсыруға болмайды.


2025 жылғы мектеп түлектері үшін негізгі ҰБТ-ға қатысу тегін. Ал колледж түлектері, өткен жылғы түлектер, қандастар және шетелде оқыған Қазақстан азаматтары үшін қатысу құны – 5640 тг. Төлемді 1 сағат ішінде жасамасаңыз, өтінішіңіз жойылады.


Шекті балл жинаған жағдайда негізгі ҰБТ сертификатын грант конкурсына да, ақылы оқуға да ұсына аласыз.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page