top of page
Search

Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум

Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Түркияның Конья қаласында орналасқан Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.



Неджметтин Эрбакан университеті – 2010 жылы құрылған мемлекеттік оқу орны. Университетте 20 000-нан астам студент білім алады, оның 800-ден астамы шетелдік студенттер. Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингінде университет «Білім беру» бағыты бойынша топ-600, «Инженерлік ғылымдар» бағыты бойынша топ-800 және «Әлеуметтік ғылымдар» бойынша топ 1000-ға кіреді. Неджметтин Эрбакан университеті Best Global Universities рейтингінде Азиядағы үздік 564 университеттің қатарына, THE Young University Rankings рейтингінде топ-350-ге кіреді.


Университетте 20 факультет, 6 жоғары мектеп, 4 институт, 8 колледж және музыка мектебі бар.


Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою Түркияның жоғары оқу орындарымен әріптестікті кеңейтеді және академиялық алмасуларды, бірлескен зерттеулер мен бағдарламаларды іске асыру жолындағы маңызды қадам.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page