Елорда әкімі Алтай Көлгінов педагогикалық және медициналық мамандықтарға бөлінетін грант санын жариялады.
"Алдағы жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жалпы саны 1300 грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Ал оқуын тәмамдағаннан кейін оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысамыз", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда қала басшысы ұстаздар мен медицина қызметкерлеріне жағдай жасауға және оларға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Олардың жалақысы артып келеді, біліктілікті арттыру бағдарламалары енгізіліп жатыр.
Айта кетері, осыдан екі жыл бұрын қала әкімдігі тарапынан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға 793 грант бөлінген болатын. Былтыр спортшыларды қолдау мақсатында спорт мамандығы бойынша алғаш рет 50 грант бөлінді.
Comments