top of page
Search

Отандық мамандар бір жыл мерзімге тегін француз тілі курстарын өтуге мүмкіндігін алды

Астана халықаралық форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесіп Францияның Қазақстандағы елшілігімен меморандумға қол қойды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің және Халықаралық бағдарламалар орталығының Қазақстандағы Франция Елшілігімен келісімі шеңберінде инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқуға түсетін «Болашақ» бағдарламасына үміткерлер француз тілін оқыту бойынша тегін курстардан өте алады.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы және Қазақстандағы Франция Елшілігі арасындағы бүгінгі қол қойылған келісім шеңберінде отандық мамандар бір жыл мерзімге тегін француз тілі курстарын өтуге мүмкіндігін алды. Бұл тілді басынан үйренгісі келетіндер үшін, сондай-ақ шет тілін меңгерудің кәсіби деңгейіне дейін білімін жақсартқысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік», - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page