top of page
Search

Оқу-ағарту вице-министрі Алматы облысында балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуымен танысты

14.06.2024.


Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, балалардың жазғы демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастырумен, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша нысандар құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ педагогикалық ұжымдармен, ата-аналармен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Министерство просвещения

Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, вице-министр білім беру сапасын арттыру, атап айтқанда инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Мәселен, Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады. Биыл 600-ден 1500-ге дейін оқушы орны бар 26 жайлы мектепті тапсыру жоспарлануда.


«Инфрақұрылым - білім беру сапасын арттырудың ажырамас бөлігі. Бұл мәселеде еліміздің тығыз қоныстанған өңірлерінің бірі ретінде Алматы облысына ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 15 мың орындық 14 мектеп ашылып, 236 заманауи пәндік кабинет сатып алынды. Сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформаларға, электрондық оқулықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірқатар білім беру ұйымдарын Starlink спутниктік технологиясына қосу жоспарлануда. Бұл жұмыс әлі де жалғасады», - деді Еділ Оспан.

Дәстүр бойынша, кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.


Сондай-ақ Еділ Оспан бірқатар балаларға арналған сауықтыру орталықтарында болды. Атап айтқанда, Жамбыл және Қарасай аудандарында ол жазғы демалысты ұйымдастыру және сауықтыру жұмыстарын тексерді. Айта кетейік, биыл Алматы облысындағы балалардың 272 мыңы немесе 85%-ы жазғы демалыспен және еңбекпен қамтылады. Сапар соңында оқу-ағарту вице-министрі жазғы кезеңде балалардың демалу сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page