top of page
Search

Оқу-ағарту министрі Германия елшісімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесу өткізді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Іскерлік кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.



Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен педагогтер үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ неміс тілі пәні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.



Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, инклюзивті білім беру саласында одан әрі ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері қаралды.

Comments

Couldn’t Load Comments
It looks like there was a technical problem. Try reconnecting or refreshing the page.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page