top of page
Search

Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Колледждерді интернационализацияландыру саласында тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер мен оқытушылар үшін тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.


«Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі іс-шараларының бірі — еліміздің 10 колледжін интернационализацияландыру болмақ. Негізгі мақсат – олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру», – деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ орта білім беру және корей тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында одан әрі өзара ынтымақтастық құру мүмкіндіктері қарастырылды.


Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page