Қала бойынша 120-ға жуық жас педагогты шығармашылық, зияткерлік және түрлі байқаулар мен олимпидаларда жүлделі орындарға ие болған тәжірибелі ұстаздар қамқорлыққа алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жас мамандар үшін онлайн форматта сабақ берудің оңайға түспегені белгілі. Бұл жерде олар тәлімгерлерінің жеке тәжірибесіне сүйенген. Педагог-зерттеуші Анна Скляренко онлайн сабақ өткізудің жаңа үлгілерін жетілдіріпті. Ол информатика пәні бойынша электронды дәптер мен оқулық ойлап тапқан.
Анна Скляренко, педагог-зерттеуші:
- Мен бірқатар электронды дәптерлер мен оқулықтарды ойлап таптым. Олардың көмегімен оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады. Себебі балалар дәстүрлі кітап оқу үрдісінен ажырап барады. Электронды форматта оқу оңай әрі қолжетімді. Бұл жерде мен түрлі онлайн платформаларды қолдандым. Өзім информатика пәнінен сабақ беремін. Сондықтан оны жасау қолымнан келеді. Балалармен кері байланыс та міндетті түрде болуы керек.
Қуаныш Қыдырәлин, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
- Осы оқу жылынан бастап осы тәлімгерлер бекітілген болатын. Енді бүгінгі күні қала мектептерінде 117 сондай жас маман келген болатын. Сол 117 жас маманға бүгінгі күні әрбіреуіне бір-бір тәлімгерден бекітілді. Бұл жерде тәлімгерлер ең басты ережеге сәйкес олар педагог зерттеуші және педагог шебер болуы тиіс.
Comentários