Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.
Байқау мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құралдық және пәндік сауаттылықты дамыту саласындағы заманауи білім беру технология мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады.
Конкурс педагог мәртебесін нығайтуға және кәсіби ұзыреттілігін арттыруға жәрдемдесу, ҚР виртуалды білім беру кеңістігінде үздік бейне ресурс қорын толықтыру, заманауи педагогикалық тәжірибені тарату және пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы педагогтердің өзара қарым-қатынас аясында үздік тәжірибелерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге негізделген.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы 12 бағыт:
- ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту),
- оқу сауаттылығы,
- математикалық сауаттылық,
- жаратылыстану-ғылыми сауаттылық,
- цифрлық сауаттылық,
- медиа-ақпараттық сауаттылық,
- қаржылық сауаттылық,
- экологиялық сауаттылық,
- денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық),
- әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық,
- мәдениетаралық сауаттылық,
- азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
«Өрлеу «БАҰО» АҚ әрбір филиалының базасында өңірлік және республикалық кезеңдерде конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты Өңірлік ұйымдастыру комитеттері құрылып, байқауға түскен жұмыстарды сарапшылар 7 критерий: өзектілік, дәлелділік, пәндер аралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялықтық, сөйлеу мәдениеті мен ораторлық шеберлік, аудио/бейнемазмұнның сапасы бойынша бағалады.
Осылайша, ағымдағы жылғы қарашаның 14 күні Өрлеу Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өткізілді.
Аталған байқауға Алматы қаласы бойынша 131 педагог өтінім жіберді. Байқаудың 8 бағыты бойынша 8 педагог бірінші орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды, олар:
№ 1. Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу) бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 57 бөбекжай-балабақшасының» әдіскері Томпай Үміт.
№ 2. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 24 лицей» биология пәнінің мұғалімі Тілеу Әсел Жанатқызы.
№ 3. Сандық сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 149 жалпы білім беретін мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сламбаева Еркежан Бейсенбаевна.
№ 4. Қаржылық сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «Аlmaty Polytechic College» арнайы пән оқытушысы Байбалакова Жанат Дангыловна.
№ 5. Экологиялық сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 90 мамандандырылған мектеп лицейінің» информатика пән мұғалімі Асылбек Мақпал Асхатқызы.
№ 6. Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 202 мектеп-гимназиясының» тарих пәні мұғалімі, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Момунтаева Лаззат Бахытбековна.
№ 7. Мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 119 мектеп-лицейінің» ағылшын тілі пәні мұғалімі Заманбекова Анира Нуртлеуовна.
№ 8. Азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыты бойынша 1 орын иегері «№ 53 мектеп-гимназиясының» тарих пәні мұғалімі Тлепбергенова Аяулым Манарбекқызы.
Желтоқсан айының 21 күні Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Конкурсқа 5000-ға жуық педагог қатысып, олардың 108-і жүлделі орындарды иеленді.
Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық конкурс қатысушылары (қатысқандығы туралы сертификаттар немесе 1, 2, 3 дәрежелі жүлдегерлерінің дипломдарымен) марапатталды. Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнемазмұндардың авторлары да анықталды.
Педагогтердің мотивациясын арттыру мақсатында биыл ЮНЕСКО алғаш рет байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, «Глобалдық азаматтық рухында білім беру» және «Климаттық өзгерістер саласындағы білім беру» бағыттары бойынша арнайы марапаттар табыс етті. Бұл бастама байқаудың сапасын және өзектілігін арттырып, оның халықаралық сараптамалық деңгейге жақындауына ықпал етті.
Республикалық кезеңде Алматы қаласының 3 педагогы жүлделі орындарға ие болды, атап айтсақ: 1-орынға азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыты бойынша «№ 53 мектеп-гимназиясының» тарих пәні мұғалімі Аяулым Тлепбергенова, 3-орынға мәдениетаралық сауаттылық бағыты ЮНЕСКО бойынша «№ 119 мектеп-лицейінің» ағылшын тілі мұғалімі Анира Заманбекова, 3-орынға қаржылық сауаттылық бағыты бойынша «Алматы политехникалық колледжінің» арнайы пән мұғалімі Жанат Байбалакова ие болды.
Аталған байқауға қатысу мұғалімдерге өз әдіс-тәсілдерін кеңінен таныстыруға және қоғамдастықта беделін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шара білім беру саласында жаңа идеяларды таныстыруға және дамытуға жол ашады.
М. А. МАУЛЕНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Алматы қаласы бойынша
Кәсіби даму институтының әдіскері
АННОТАЦИЯ
Конкурс «Панорама педагогических идей», проводимый Национальным центром повышения квалификации «Өрлеу» при поддержке Министерства просвещения
Республики Казахстан, способствует укреплению статуса педагога, повышению профессиональной компетентности, пополнению видеоконтента в виртуальном образовательном пространстве, внедрению современного педагогического опыта, обеспечению доступности лучших практик.
Comments