top of page
Search

«Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» атты халықаралық конференция өтті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім саласындағы жетекші шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.


Екі күнге созылған ауқымды шараға Кембридж Университетінің (Ұлыбритания), Назарбаев Университетінің және KIMEP University (Қазақстан), сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік Мектебінің», TAMOS Education, Жаңа Ұрпақ Мектебінің NGS (Қазақстан) басшылары келді. Конференцияға спикер ретінде: д-р Дэвид Фрост, д-р Элейн Уилсон, д-р Карен Форбс, д-р Дуйшон Шаматов, д-р Назипа Аюбаева, д-р Жулдыз Смагулова, Адам Бартон, Бауыржан Серик, Зина Сулейменовна қатысты.


Конференция аясында «Білім беру зерттеулері арқылы мектептерді жетілдіру», «Болашақ ұстаздар даярлығы мен мектеп тәжірибесі арасындағы алшақтықты жою» мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, талмыш іс-шара барысында:

  • Lesson Study тәсілі негізінде өткізілген 4 курс студенттерінің дипломдық жобаларын көпшілік алдында қорғауы;

  • ҚазҰлтҚызПУ (Қазақстан), Кембридж университеті (Ұлыбритания) және Назарбаев Университетінің (Қазақстан) профессорлары арасында тәжірибе алмасу бойынша семинарлар;

  • «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі болды.

Конференция ұстаздар білімін дамытуға, еліміздегі мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын нығайтуға өз үлесін қосты.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page