«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒП институты «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» сабақтарын өткізетін педагогтердің қызметін ынталандыру мақсатында «Педагогтер мен ата-аналар: балалардың қызығушылығы негізіндегі ынтымақтастық» Республикалық байқауын өткізеді, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Байқауға қатысушылар қатысушының таңдауы бойынша бастауыш, негізгі және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ әзірлемесін (әзірлеме мәтіні, презентациясы, бейнеролик – сабақ туралы қатысушының пікірі) жіберуі керек.
Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушылар қатысушы сертификаттарын алады.
Байқау материалдары 2024 жылдың 22 қаңтар мен 13 ақпан аралығында қабылданып, қорытындысы 23 ақпанда жарияланады.
Толығырақ ақпаратты институт сайтынан біле аласыздар https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy.
Comments