top of page
Search

ҚР Президенті жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Современное образование" журналы хабарлайды.


Кеңестің құрылуы ұлттық ғылыми жүйені басқару ісін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы мен ережесі осы Жарлықпен бекітілді. Кеңес құрамына халықаралық деңгейде танылған, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары, ғылымның басым бағыттарында еңбек ететін академиктер мен ғалымдар енді.


Сондай-ақ кеңес құрамына Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III (АҚШ), сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз кірді.

Сонымен қатар ғылыми, ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты жүзеге асыруға жауапты Үкімет мүшелері кеңес құрамына енді.


Отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың Ұлттық кеңеске мүше болуы Қазақстан ғылымын дамытуда перспективті және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізеді.




Comments


bottom of page